09.06.2017, 18:18 4023

Қызылорда облысыныӊ жас математиктері ментальді арифметикадан Мәскеуде өткен II халықаралық олимпиадада 7 алтын медальға қол жеткізді

- Біздіӊ орталық оқушылары озық шығып, барлығын таӊғалдырды. Бір айдан кейін Түркияда өтетін тағы бір халықаралық олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмыз,- дейді орталық директоры Гүлнұр Салхаддинова.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Мәскеуде ментальді арифметикадан өткен II халықаралық олимпиадада Қызылорда облысыныӊ жас математиктері жақсы өнер көрсетті.

Жақын және алыс шетелдерден 300-ден асқан оқушы қатысқан олимпиада үш номинация бойынша өтті. Онда Қызылордадағы интелектуалдық даму орталығыныӊ 7 мен 12 жас аралығындағы 5 тәрбиеленушісі үздік шықты.

Шакира Қанатбек, Жанель Рүстембек, Данилла Қанатбек және Мәдина Мэлсовалар 3 номинация бойынша барлығы 7 алтын медальға қол жеткізді.

- Біздіӊ орталық оқушылары озық шығып, барлығын таӊғалдырды. Бір айдан кейін Түркияда өтетін тағы бір халықаралық олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмыз,- дейді орталық директоры Гүлнұр Салхаддинова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны