11.07.2017, 16:03 4187

Қызылорда облысыныӊ жастары арасында "Исем қала - Астана" тақырыбында караоке сайыс өткізілді

Жиырма адам қатысқан сайыс 2 кезеӊнен тұрады. Еркін тақырып бойынша ән айтудан өткен 7 жас келесі кезеӊге жолдама алды. Екінші кезеӊ Қазақстан қалаларына арналды. Жастар кеӊ байтақ Отанымыздыӊ шаһарлары туралы ән шырқады

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ қолдауына сүйенген "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" ҚБ ұйымдастыруымен жастар арасында "Исем қала - Астана" тақырыбында караоке сайыс өткізілді.

Жиырма адам қатысқан сайыс 2 кезеӊнен тұрады. Еркін тақырып бойынша ән айтудан өткен 7 жас келесі кезеӊге жолдама алды. Екінші кезеӊ Қазақстан қалаларына арналды. Жастар кеӊ байтақ Отанымыздыӊ шаһарлары туралы ән шырқады.

Сайыс қорытындысында бірінші орынды Айнұр Насырова жеӊіп алды. Екінші орынды Мәлика Жайшылық иеленсе, үшінші орын жүлдесіне Талант Айымбетов лайықты деп танылды.

Жеӊімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді,- деп хабарлайды С.ИБІЛ, "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны