01.03.2017, 11:14 4564

Қызылорда облысыныӊ Жергілікті полиция қызметінде гарнизондық жиын өтті

Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қызметке әзірлігі, қару-жарағы мен қызметтік куәліктерініӊ ереже талаптарына сай болуы тексерілді.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысыныӊ Жергілікті полиция қызметі ғимаратыныӊ алаӊында полицияныӊ кешенді күш-құралдарыныӊ, жеке құрамыныӊ және Ұлттық Ұланныӊ қатысуымен гарнизондық жиын өтті,-деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараныӊ басты мақсаты - ішкі істер органдары қызметкерлерініӊ саптық жарғы ережелерін меӊгеруін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағыныӊ, қызметтік куәліктерініӊ ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады.

Іс-шараға Ішкі істер департаментініӊ барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысты.

Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қызметке әзірлігі, қару-жарағы мен қызметтік куәліктерініӊ ереже талаптарына сай болуы тексерілді.

Одан әрі жиын халықтыӊ қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптіӊ сақталуына үлес қосқан күзет ұйымдарыныӊ үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты. Айта кетерлік жайт, қылмыс пен құқық бұзушылықпен қарсы күресте, оныӊ алдын алуда жыл басынан күзет ұйымдары полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді.

Гарнизондық жиын жеке құрамныӊ салтанатты шеруімен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны