20.06.2017, 20:55 7781

Қызылорда облыстық "Айбын" командасы халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 6-шы орынға ие болды

Қарағанды қаласы "Спасск" оқу-орталығында ағымдағы жылдыӊ 12-17 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығына орай дәстүрлі түрде ІІІ мәрте ұйымдастырылған "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыныныӊ қорытындысы шығарылды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласы "Спасск" оқу-орталығында ағымдағы жылдыӊ 12-17 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығына орай дәстүрлі түрде ІІІ мәрте ұйымдастырылған "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыныныӊ қорытындысы шығарылды.

Жастардыӊ бойында жігерлік пен ептілікті анықтайтын намысты додада Қызылорда облыстық "Айбын" тобы 16 облыстыӊ ішінен 6-шы орынға ие болып, 16 кезеӊнен құралған сайыста барлығы 4 кубок, 6 алтын, 1 күміс, 1 қола алды.

Топтық сайыста, жалпы есеппен кросс, газтұмылдырығын кию, арқан тарту, роботты техника бойынша қызылордалық команда озық тұрды.

Сайыста жекелеген түрінде топ басшысы Нұрбол Қонысбеков газтұмылдырығын кию бойынша, 2-ші орынды алып, күміс медаль иегері атанды.

Қазалы ауданыныӊ оқушысы Рейнат Оӊдасын АК-74 автоматын 1 минут 23 секунд ішінде шашып-құрастырып, жоғары дәрежеде балл жинап, медаль алды.

Газтұмылдырығын кию және әскерилендірілген кросс бойынша Қармақшы ауданыныӊ оқушысы Сымбат Изілханова жүлделі медаль иегері атанды.

Сонымен қатар, қызылордалық "Айбын" командасын жеӊісімен құттықтауға арнайы елордамыз Астана қаласынан генерал-майор И. Ерниязов және әскери өмірдіӊ баспалдақтарын бірге аттаған ДОСы, Ауған соғысыныӊ ардагері полковник Ахмет Жайлыбаевпен бірге келді.

Ауған соғысыныӊ ардагері, генерал- майор Илімжан Қанағатұлы: Қазақстанныӊ қай бұрышында жүрсем де, туған жерім Сыр еліне әрдайым жанкүйер болып жүремін. Сіздердіӊ жеӊіс тұғырынан көрінгендеріӊіз мен үшін үлкен мақтаныш, асқақ абырой! Отанымыздыӊ патриоттары ретінде, әрдайым татулықпен бірлікте болыӊыздар деген лебізін білдіріп, оқушыларға әкелген сыйлықтарын таратты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны