23.02.2017, 18:28 6945

Қызылорда облыстық Аналар кеӊесі Елбасыныӊ билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен Жолдауын талқылады

Жиынға қатысушылар "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауыныӊ негізгі бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттыӊ негізгі басымдылықтарына тоқталды.

Қызылорда. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 22 ақпанда Достық үйініӊ мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активімен Аналар кеӊесініӊ Елбасыныӊ билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауын талқылап, насихаттауға арналған отырысы өтті,- деп хабарлайды облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Актив отырысын "Қоғамдық келісім" КММ директоры Уәлихан Ибраев жүргізді. Шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, "Ақ босаға" қоғамдық бірлестігініӊ төрайымы Меруерт Аӊсатова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты, кәсіби медиатор Жанна Исаева, "Cлавяне" қоғамдық мәдени орталығы" бірлестігініӊ төрайымы Галина Щербакова, "Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылыныӊ директоры, облыстық Аналар кеӊесініӊ мүшесі Лиза Скакова, Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылдық округініӊ Аналар кеӊесініӊ төрайымы Злиха Сыздықова қатысты.

"Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздіӊ демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығыныӊ көрінісі. Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еӊсеру үшін қажет болды. Осыныӊ нәтижесінде қазіргі таӊда көп жетістіктерге қол жеткізілді. Ұлт көшбасшысы осы жетістікпен тоқтап қалмай, саяси жүйені одан ары демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұныӊ өзі мемлекетті басқару жүйесініӊ тиімділігін барынша арттырып, еліміздіӊ әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз. Қазақстандықтар бұл өзгерістерді ел дамуындағы елеулі кезеӊ ретінде бағалап отыр. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар да Президент бастамасыныӊ тек еліміз үшін ғана емес, аймақтық саясатта да маӊызды екендігін атап көрсетуде", - деді алғы сөзінде "Қоғамдық келісім" КММ директоры.

Жиынға қатысушылар "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауыныӊ негізгі бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттыӊ негізгі басымдылықтарына тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысыныӊ азық-түлік тауарларын экспорттауды ұлғайту, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы мен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, үлкен қалалар мен оларға жақын орналасқан елдімекендер арасындағы көлік қатынасын, мемлекеттік жеке серіктестікті, білім сапасын жақсартып, үштілділікті дамыту, адами капитал сапасын жақсарту және т.б. мәселелерге байланысты пікірлерін ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны