02.06.2017, 17:11 6061

Қызылорда облыстық "Атамекен" ауылыныӊ балалары ЭКСПО көрмесін тамашалауға барады

Биылғы мереке алдында осы ауылдан Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне баратын балалардыӊ жетекшілеріне ақшалай көмек көрсетілді. Қаражат аударған Арал, Қазалы, Сырдария, Қармақшы аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыныӊ қызметкерлері.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - Бала - болашақ. Балаға берген тәрбие, балаға жасалған қамқорлық - ертеӊгі күнніӊ кепілі.

"Атамекен" бабалар ауылы өз тәрбиеленушілеріне арнап "Қанатына ақ арманныӊ мінеміз, Ғажайып саз әлеміне енеміз" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырған. Бұл туралы Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы 1 маусым қарсаӊында департамент қызметкерлері Атамекен ауылыныӊ 45 жас тұрғынын көркемсурет галереясына шақырып, "Қазақстан - Мәӊгілік ел" тақырыбында сурет конкурсын ұйымдастырған болатын. 8 отбасына кітаптар жинағын, 45 балаға жаздық аяқ-киім сыйлаған еді.

Биылғы мереке алдында осы ауылдан Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне баратын балалардыӊ жетекшілеріне ақшалай көмек көрсетілді. Қаражат аударған Арал, Қазалы, Сырдария, Қармақшы аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыныӊ қызметкерлері. Ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған 56 баланы 8 отбасына біріктірген "Атамекен" деп аталатын ауылдыӊ директоры Лиза Искакова. Лиза "Атамекенге" қайырымдылық танытқандарға балалар ұжымы атынан ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны