28.04.2017, 19:00 5498

Қызылорда облыстық кәсіпкердіӊ 37 млн.теӊгесі өзінде қалды

Осы жылдыӊ наурыз айында Кәсіпкерлер палатасына "Сыбаға" ЖШС басшысынан құқығын қорғау жөнінде өтініш түседі. Кәсіпкер бұл өтінішінде өзінен мемлекеттік орган 37 млн.теӊгеден астам қаржы өндіруді сұрап сотқа бергенін айтқан.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық кәсіпкердіӊ 37 млн.теӊгесі өзінде қалды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ бөлім бастығы Ирина Ким айтты.

Осы жылдыӊ наурыз айында Кәсіпкерлер палатасына "Сыбаға" ЖШС басшысынан құқығын қорғау жөнінде өтініш түседі. Кәсіпкер бұл өтінішінде өзінен мемлекеттік орган 37 млн.теӊгеден астам қаржы өндіруді сұрап сотқа бергенін айтқан.

"Кәсіпкерден түскен өтінішті зерттегенімізде біз мына жайтты анықтадық. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Қызылорда облыстық департаменті "Сыбаға" ЖШС-ін сотқа береді. Мемлекеттік орган сотта кәсіпкерге монополиялық жоғары баға қойғандығын айтып, айыппұл ретінде есептелген 3031894 теӊгені, сондай-ақ монополиялық кірісі 34238127 теӊге, барлығы 37270021 теӊгені өндіріп беруді сұраған. Бұл жерде мына нәрсені ескеру керек, мемлекеттік орган "Сыбағаны" тексергенде "монополист" деген шешім шығарған және осы қабылдаған шешімі бойынша сотқа беріп отыр. Алайда, Мемлекеттік реестрдегі реттелетін нарықтағы үстем және монополиялық жағдайдағы субъектілер тізімінде "Сыбаға" жоқ. Біз осы мәселені алға тарта отырып, сотта кәсіпкердіӊ құқығын қорғап қала алдық. Кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылып, нәтижесінде "Сыбаға" ЖШС 37 млн.теӊгеден астам қаржысын сақтап қала алды", - дейді Палата заӊгері Ирина Ким.
Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасыныӊ заӊгерлері жыл басынан бері кәсіпкерлердіӊ 65 млн. теӊгеге жуық қаржысын сақтап қала алды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны