10.04.2017, 17:53 4405

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы "Сауатты клиент" шарасын өткізді

Сондай-ақ, 368 қызылордалық "Бизнес кеӊесші" оқу курсынан, 15 азамат "Бизнес Өсу" жобасы арқылы біліктілігін жетілдірген.

Қызылорда. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы "Халық Банк" АҚ Қызылорда облыстық филиалымен бірге "Сауатты клиент" шарасын өткізді.

Шараға Кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Қожахмет Ілиясов, "Халық Банк" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары Ақмарал Сыздықова, сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлады палатаныӊ баспасөз қызметінен.

"Халық Банк" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары Ақмарал Сыздықова: "Біз Кәсіпкерлер палатасымен бірнеше жылдан бері әріптестік байланыста жұмыс жасап келеміз. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға несие алу барысында әзірленетін құжаттарды сауатты әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету. Негізі бизнес-жоспар, қаржылық мүмкіндіктері туралы құжаттар дұрыс әзірленсе, несие алу соншалықты қиын емес", - дейді.

Шара барысында банктіӊ бөлім басшылары Нұргүл Жарылқасынова мен Ғалия Ахметова қаржылық және заӊгерлік сауаттылыққа қатысты хабарламалар жасап, құжат әзірлеудіӊ кезеӊ-кезеӊімен таныстырып өтті.

"Бізге өтінішпен келген азаматтардыӊ басым бөлігі екінші деӊгейлі банктер арқылы несие қаржысын алудыӊ қиындығын айтады. Аталмыш өтініштер бойынша сараптама жасағанымызда, мәселеніӊ басы ақпараттыӊ жеткіліксіздігінен екендігі белгілі болды. Рас, банктер өздерініӊ ресми интернет-ресурстарында барлық ақпаратты орналастырған. Дегенмен, азаматтардыӊ барлығы бұл ресурстарды қарай бермейді ғой. Сондықтан да "Халық Банктіӊ" Палатаға келіп түсіндірме шарасын жүргізу туралы ұсынысын біз қуана қабылдадық",- дейді Кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Қожахмет Ілиясов.

Айта кету керек, облыста күн өткен сайын өз ісімен айналысқысы келетін азаматтардыӊ қатары артуда. Мәселен, осы жылдыӊ бірінші тоқсаныныӊ өзінде 425 азаматқа сервистік қызмет көрсетіліп, 1400 адамға 3221 кеӊес берілген. Сондай-ақ, 368 қызылордалық "Бизнес кеӊесші" оқу курсынан, 15 азамат "Бизнес Өсу" жобасы арқылы біліктілігін жетілдірген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны