18.05.2017, 14:41 4006

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ белсенді жастары қайырымдылық концерт өткізді

17-ші мамырда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ белсенді жастары "№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қайырымдылық концерт өткізді.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 17-ші мамырда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ белсенді жастары "№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қайырымдылық концерт өткізді.

Тағдыр тәлкегіне түскен мүгедек жандарға арнайы қайырымдылық концерт қойылып, "Славяне" қоғамдық мәдени-орталығы" қоғамдық бірлестігініӊ "Жемчужинка" би тобы, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатыныӊ белсенділері ән айтып, Достық үйініӊ "Наз" би тобы өнерлерін ортаға салды.

Өз кезегінде мекеме ұжымы балаларға жасалған облыстық ассамблеяныӊ игілікті шаралары үшін алғысын білдірді.

Айта кету керек, бүгінгі күні аталмыш мекемеде 345 тағдыр тәлкегіне түскен мүгедек жандар мемлекет қамқорлығында тұрып жатыр.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны