25.07.2018, 23:13 3356

Қызылорда облыстық Қылмыстық сот 2018 жылдыӊ 1-ші жартыжылдығын қорытындылады

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2018 жылдыӊ 1-ші жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.

Қызылорда. 25 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2018 жылдыӊ 1-ші жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.

2018 жылдыӊ 6 айында 74 адамға қатысты 35 қылмыстық іс түсіп, 12 адамға қатысты 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2017 жылдыӊ 6 айында - 54 адамға қатысты 30 қылмыстық іс түсіп, 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған).

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердіӊ саны 5 іс/20 адамға көбейгені байқалады. Осы мерзімде 25 іс 64 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2017 ж. 6 айы- 24 іс 39 адамға үкім қабылдау арқылы қаралды).

Өткен жылдыӊ осы тектес кезеӊімен салыстырғанда ағымдағы жылдыӊ 6 айында қаралған істердіӊ көрсеткіші 1 іс 25 алдамға көбейген. Есептік мерзімніӊ соӊына 19 адамға қатысты 12 қылмыстық іс қалдыққа қалған (2017 ж. 6 айы - 8 іс/17 адамға қатысты).

2018 жылдыӊ 6 айында 59 адам сотталды (2017 ж. - 39 адам). Сотталған 59 адамныӊ 47-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (79,7 пайыз), 7 адамға бас бостандығынан шектеу жаза қолданылды, 4 адамға ҚК-ніӊ 63-бабы қолданып, шартты түрде сотталды, 1 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған, оған тәрбиелеу шаралары қолданылған.

3 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 1 сотталушы арнайы атағынан айырылды, 1 сотталушыға амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды, 5 сотталушы педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

1 іс бойынша қылмыс ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған.

Кәмелетке толмағандарға қатысты 2 қылмыстық іс қаралды. ( 2017 ж. 6 айы - 0).

Есептік мерзім ішінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 3 адамға қатысты 3 іс қаралды. (2017 ж. 6 айы 1 адамға қатысты 1 іс)

Есірткі заттардыӊ заӊсыз айналымына байланысты 3 іс 8 адамға үкім қабылдау арқылы қаралды (2017 ж.6 айы- 3 іс 3 адамға).

2018 жылдыӊ 6 айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2 адамға қатысты 1 іс қаралды. (2017 ж.6 айы- 0)

Көрсетілген мерзім ішінде істердіӊ қаралу мерзімі бұзылмаған.

Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қоӊдырғысын пайдаланып қаралған.

Осы кезеӊде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заӊсыз сақтап, сатқан; бірнеше адамдарды өлтіруге бағытталған; адам өлтіру; зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша Сабыров Асхат Аббасұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны