15.05.2017, 16:29 4930

Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментініӊ ЗК-169/5 мекемесінде сотталған азаматтар арасында Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс мерекесіне орай шара ұйымдастырылды

Мекеменіӊ "Сауықжай" ғимаратында облыстық филармония өнерпаздары тәрбиелік мәні бар ән-термелермен қатар, "Қазақ елі", "Ардағын күткен арулар", "День Победы" секілді жауынгерлік рухтағы патриоттық туындыларды шырқады.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментініӊ ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтар арасында Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс мерекесіне орай шара ұйымдастырылды.

Мекеменіӊ "Сауықжай" ғимаратында облыстық филармония өнерпаздары Н.Тілеулесова, З.Баймырза, Р.Үсенов, И.Қуаӊбаев және Ж.Баймырза тәрбиелік мәні бар ән-термелермен қатар, "Қазақ елі", "Ардағын күткен арулар", "День Победы" секілді жауынгерлік рухтағы патриоттық туындыларды шырқады.

Мекеме әкімшілігі тарапынан өз деӊгейінде ұйымдастырылып өткізілген бұл мәдени-бұқаралық іс-шара, жазасын өтеуші сотталған азаматтардыӊ мереке күндерін мәнді де мағыналы өткізуіне септігін тигізді,- деп хабарлайды С.Ким, ЗК-169/5 мекемесініӊ САТЖЖБ-ніӊ бастығы, әділет майоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны