30.05.2017, 18:43 5040

Қызылорда облыстық көркем сурет галереясында "ЭКСПО-2017" аясында көрме-конкурсы ұйымдастырылды

Шара барысында "Балалар көрмесініӊ байқауы" өткізіліп, жас суретшілер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында сурет салды. "Кәсіптік оқыту" кафедрасыныӊ студенттері топтама сән үлгілерін көрсетіп, шараны концерттік бағдарламаға жалғастырды.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017 - болашақ энергиясы" тақырыбында Қызылорда облысыныӊ Иділет департаменті мен облыстық жастар ресурстық орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп Қызылорда облыстық көркем сурет галереясында жас қолөнершілер мен суретшілердіӊ өкілдерімен "Қолөнер бұйымдары", "Жас шебер", "Жас суретші" номинациялары бойынша көрме-конкурсын өткізді.

Шара барысында "Балалар көрмесініӊ байқауы" өткізіліп, жас суретшілер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында сурет салды. "Кәсіптік оқыту" кафедрасыныӊ студенттері топтама сән үлгілерін көрсетіп, шараны концерттік бағдарламаға жалғастырды.

Конкурс нәтижесімен "Кәсіптік оқыту" кафедрасыныӊ профессор-оқытушылар құрамы бір топ студентті көрмеге белсене қатысқан үшін алғыс хатпен марапаттады. "Жас шебер" номинациясы бойынша І орын иесі Темір Аида (жетекшісі Л.К.Шілдебаева), ІІ орын иесі Елібай Айнұр (жетекшісі Р.Т.Корганбекова) дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар алды.

Сонымен қатар "Қолөнер бұйымдары" номинациясы бойынша І орын иегері Ғазизова Айдана (жетекшісі А.А.Алайдарова), ІІ орын иегері Нурлыбай Назерке (жетекшісі Р.Т.Корганбекова) және ІІІ орын иегері Дуйсенбаева Назыгул (жетекшісі А.А.Алайдарова) де дипломдар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны