31.05.2017, 16:45 8322

Қызылорда облыстық құтқарушыларына конго - қырым геморрагиялық қызбасы жөнінде түсіндірілді

Сабақ барысында "Конго - қырым геморрагиялық қызбасы" тақырыбына орай құтқарушыларға бейнероликтер көрсетілді және кеӊ ауқымды ақпарат беріліп, ескерту парақшалары таратылды.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Конго - қырым геморрагиялық қызбасы - иксодты кенелердіӊ шағуы арқылы таралатын табиғи-ошақты жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен және геморрагиялық синдромдардыӊ айқын көрінісімен сипатталады.

Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушыларына облыстық жұқпалы аурулар ауруханасыныӊ инфекционист - дәрігері Илия Өмірзаққызы конго - қырым геморрагиялық қызбасыныӊ түрлері, аурудыӊ клиникасы, емі және таралу жолдары жөнінде түсіндірді.

Жыл басынан бері облыста осы ауруға шалдыққандар көбейгенін айтқан маман оны жұқтырып алудан қалай сақтануды және уақытында қолдану шаралары жөнінде кеӊ мағлұмат берді.

Сабақ барысында "Конго - қырым геморрагиялық қызбасы" тақырыбына орай құтқарушыларға бейнероликтер көрсетілді және кеӊ ауқымды ақпарат беріліп, ескерту парақшалары таратылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны