28.04.2017, 18:36 6046

Қызылорда облыстық оқушылар IV республикалық "Яссауи" пәндік олимпиадасында жеӊіске жетіп, білім гранттарын иеленді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетініӊ ұйымдастыруымен еліміздегі мектеп бітіруші оқушылар арасында "Ы.Алтынсарин-2017" республикалық пәндік олимпиадасы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініӊ ұйымдастыруымен IV республикалық "Яссауи" пәндік олимпиадасы болып өтті.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетініӊ ұйымдастыруымен еліміздегі мектеп бітіруші оқушылар арасында "Ы.Алтынсарин-2017" республикалық пәндік олимпиадасы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініӊ ұйымдастыруымен IV республикалық "Яссауи" пәндік олимпиадасы болып өтті.

Мектеп түлектеріне грант ұтып алуға мүмкіндік береті байқауға Қазалы ауданыныӊ мектептерінен бірқатар оқушылар қатысып қайтты.

Нәтижесінде химия пәні бойынша №170 орта мектептіӊ оқушысы Назерке Шабар, №266 мектеп-лицейден Гүлфариза Ибдісаттар 1 орын, №249 мектеп-лицей оқушылары Ботагөз Ізтай ІІ орын, Ақерке Нұрмахан ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар да орыс сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша Алтынай Талғатбек те 1-орын биігінен көрінді.

Жеӊімпаз оқушылардыӊ барлығы да білім грантын иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны