14.06.2017, 13:32 14526

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарыпанан 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бүгінгі күнге дейін инспекция 103 мемлекеттік қызмет көрсетті және барлық қызметтер стандарттар мен регламент талаптарына сәйкес уақытылы және сапалы түрде жолданып келеді.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет - жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудыӊ бір түрі. Ол қызмет алушылардыӊ өтініші бойынша жекеше түрде олардыӊ құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заӊдылықтарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Еліміздіӊ Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ мемлекеттік басқарушы органдар алдына қойған маӊызды міндеттерініӊ бірі - мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ қолайлылығы мен сапасын арттыру, жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық адамныӊ бірдей қол жеткізуі.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметпен қамтамасыз ету бойынша шаралардыӊ тиімділігін басты назарда ұстауда.

Қазіргі таӊда инспекция бойынша 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олар:

1. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеӊінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру;

2. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;

3. Су тарту құрылғыларыныӊ балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу;

4. Балықтыӊ қайдан ауланғаны туралы анықтама беру;

5. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру.

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бүгінгі күнге дейін инспекция 103 мемлекеттік қызмет көрсетті және барлық қызметтер стандарттар мен регламент талаптарына сәйкес уақытылы және сапалы түрде жолданып келеді.

Инспекция ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы бөлме және емін-еркін жүріп-тұруы мақсатында пандус қарастырылған.

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер оӊтайландырылып, толық автоматтандырылған. Мемлекеттік орган тарапынан берілетін анықтамаларға, рұқсат құжаттарға, келісімдерге өтініштер беру үшін, өзіӊіздіӊ кеӊсеӊізден (немесе үй жайда да болады) "Е-лицензиялау" мемлекеттік мәліметтер базасыныӊ" ақпараттық жүйесініӊ сыртқы порталы арқылы жіберуге болады.

Заманауи техникаларды пайдалана отырып, электронды портал арқылы өтінішті жолдау - бұл уақытыӊызды үнемдейді, әрі ұзақ жол жүруді қажет етпейді,- дейді Марфуға НҰРБОЛАТОВА, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, балық шаруашылығы бөлімініӊ бас маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны