11.05.2017, 15:47 4259

Қызылорда облыстық өрт сөндірушілер 94 жастағы майдангерді құттықтады

Жеӊіс күнініӊ 72 жылдығын атап өту барысында "Өрт сөндіруші" АҚ Қызылорда облысы филиалы қызметкерлері Ұлы отан соғысыныӊ ардагері Ыдырыс Қалиевтіӊ шаӊырағында болып, майдангерді құттықтады.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Жеӊіс күнініӊ 72 жылдығын атап өту барысында "Өрт сөндіруші" АҚ Қызылорда облысы филиалы қызметкерлері Ұлы отан соғысыныӊ ардагері Ыдырыс Қалиевтіӊ шаӊырағында болып, майдангерді құттықтады.

Соғыс ардагері XX ғасырдағы қанды шайқаста елін қорғаған ерлер жайлы айтып, кешегі күнніӊ естелігімен бөлісті.

Он жеті жасында майданға алынған Ыдырыс Қалиев жаяу әскер қатарында майданға кіріпті. 1944 жылдыӊ күзінде Жапонияға аттанған жауынгер Жеӊіс хабарын сол жүріп естіді.

Соғыстан кейін тұралап қалған ел тұрмысын түзеуге қатысқан майдангер "Ұлы Отан соғысы", 2 мәрте "Еӊбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен және басқа да медальдармен марапатталды.

1987 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан ол қазір немерелері мен шөберелерініӊ ортасында бақытты өмір сүруде. Соғыс өтінде болған ардагер биыл 94-ке толып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны