15.06.2017, 14:00 3205

Қызылорда облыстық прокуратурада РФ Белгород облысынан келген мамандар семинар өткізді

Мемлекеттік басқару жүйесіне осы тәжірибені енгізген Белгород облысы 7 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін айтарлықтай жақсартып, көш бастаған өӊірлер қатарына қосылып отыр.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мемлекеттік органдарды жобалық басқару бастамасына орай РФ Белгород облысынан келген мамандар семинар өткізіп жатыр. Облыс әкімдігі бастамашы болған бұл жаӊалық аясында облыс прокурорлары да мемлекеттік басқарудыӊ жаӊа формаларына арналған шеберлік кластарына қатысуда, деп хабарлайды облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

Белгород облысындағы ішкі және кадрлық саясат департаменті жобалық-сараптама басқармасыныӊ басшысы И. Кириллова мен оныӊ орынбасары М. Чистякова жүргізген ашық диалогта жобалық басқару тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі айтылды. Бұл жобаныӊ мемлекет алдындағы мақсат пен тапсырмаларды игерудегі тиімділігі сөз болды.

Мемлекеттік басқару жүйесіне осы тәжірибені енгізген Белгород облысы 7 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін айтарлықтай жақсартып, көш бастаған өӊірлер қатарына қосылып отыр.

Жобаны түсіндірген мамандарға көп сұрақ қойылды. Мұндай инновациялық тәжірибені мемлекеттік қызмет саласына енгізу оӊай еместігін айтқандар да табылып жатты.

Ал облыстық прокуратураныӊ басқарма басшысы Қанат Құлжанов осы салада Бас прокуратура бастамашы болған "Өзгерістер бағдарламасы" мен оныӊ нәтижелеріне тоқталды.

Жергілікті әкімдікпен бірге жүзеге асырылып отырған жобалар арқасында мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық азайды. Ана мен бала өлімін төмендету бағытындағы жоба да жеміссіз емес. Ол жүзеге асырыла бастаған 8 айдыӊ ішінде Қызылорда облысы 16-орыннан 8 - орынға көтерілді. Алда да бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны