05.01.2017, 11:11 4358

Қызылорда облыстық прокуратурасы 4 млн астам теӊгеніӊ жалақы берешегін жоюға түрткі болды

Нақтыласақ, серіктестік тарапынан 57 жұмысшыға барлығы 4 500 000 теӊге қарыз жалақылары қалыптасып, Конституция кепілдік берген құқықтарына нұқсан келтіріліп, еӊбек кодексініӊ талаптары өрескел бұзылған.

Қызылорда. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық прокуратурасы 4 млн астам теӊгеніӊ жалақы берешегін жоюға түрткі болды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы Ботакөз Сейілдіӊ хабарлауынша, Жаӊақорған аудандық прокуратурасымен жүргізілген мониторинг нәтижесінде "Түгіскен" ЖШС-ніӊ жұмысшыларға 2016 жылдыӊ қыркүйек, қазан айларына жалақыларын төлемегенін анықтады.

Нақтыласақ, серіктестік тарапынан 57 жұмысшыға барлығы 4 500 000 теӊге қарыз жалақылары қалыптасып, Конституция кепілдік берген құқықтарына нұқсан келтіріліп, еӊбек кодексініӊ талаптары өрескел бұзылған.

2016 жылғы 29 қарашада аудандық прокуратура серіктестік басшысыныӊ атына жұмысшыларға тиесілі жалақыларыныӊ берілуін қамтамасыз етіп, заӊдылықты бұзушылықтарды түбегейлі жою туралы ұйғарым енгізді. Ұйғарым арқасында азаматтардыӊ еӊбек жалақысы толығымен төленді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісініӊ нәтижесінде облыс бойынша еӊбек саласындағы бақылау басқармасы серіктестікке 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Бұдан бөлек, аудандық прокуратураныӊ бастамасымен мүдделі органдармен бірлесіп ведомствоаралық жұмысшы топ құрылып, азаматтардыӊ еӊбек дауларына байланысты конституциялық құқықтары қорғалуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны