29.06.2017, 14:56 3869

Қызылорда облыстық прокуратурасы "Ашық есік күні" акциясын өткізді

Лауазымды тұлға акцияға қатыса отырып, тұрғындармен тікелей байланыста болып, тұлғаныӊ сұрағын немесе мәселесін арызсыз немесе бюрократиялық талаптарсыз жедел шешу мүмкіндігі болады.

Қызылорда. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 27 маусымда Қызылорда облыстық прокуратура өӊірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Ашық есік күні" акциясын өткізді. Іс-шара "Даму" кәсіпкерлерді қолдау орталығында өткізіліп, оған кәсіпкерлер жиі шағымданатын бақылаушы және қадағалау органыныӊ қызметкерлері шақырылды. Олар мемлекеттік кірістер, ішкі мемлекеттік аудит, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылардыӊ құқығын қорғау, қоғамдық денсаулықты сақтау, төтенше жағдай жөніндегі, әділет органдары мен әкімдік. Акция аясында 20 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Олар лауазымды тұлғалардан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Негізінен мемлекеттік сатып алу туралы, салық салу жүйесіне қатысты, жер учаскелерін алу және мектепке дейінгі жеке мекемелерде жұмысты ұйымдастыру мәселесіне қатысты айтылды. Жұмыстыӊ бұл түрі тек азаматтар мен кәсіпкерлерге ғана қолайлы болу үшін өткізіліп жатқан жоқ. Лауазымды тұлға акцияға қатыса отырып, тұрғындармен тікелей байланыста болып, тұлғаныӊ сұрағын немесе мәселесін арызсыз немесе бюрократиялық талаптарсыз жедел шешу мүмкіндігі болады. Азаматтардыӊ оӊ пікірін назарға алып, осы тектес акциялар тұрақты түрде өткізіледі,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны