27.04.2017, 16:55 5256

Қызылорда облыстық прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп жасалған "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық" жобасын жүзеге асыруда

Талдау нәтижесінде мүгедектерге әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету кезінде жүйелі проблемалар, оныӊ ішінде оӊалтудыӊ жеке бағдарламасымен мүгедектердіӊ толық қамтамасыз етілмеуі, белгіленген жұмыс квоталарыныӊ орындалмауы, ғимараттар мен құрылыс объектілерініӊ бейімделмеуі, салық жеӊілдіктерін пайдаланбауы анықталды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша ашу ұсынылды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл хабарлағандай, облыс республика бойынша 13-ші көрсеткішті көрсетіп отыр. Нақтыласақ, өӊірде жыл сайын азаматтардыӊ алғашқы мүгедектікке шығуы өсіп, 10 мыӊ халыққа шаққанда 30,6-дан 32,0-ге дейін көбейген. Мысалы, 2013 жылы алғашқы мүгедектікке 1950 азамат шықса, 2016 жылы 2463-ті құраған.

Талдау нәтижесінде мүгедектерге әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету кезінде жүйелі проблемалар, оныӊ ішінде оӊалтудыӊ жеке бағдарламасымен мүгедектердіӊ толық қамтамасыз етілмеуі, белгіленген жұмыс квоталарыныӊ орындалмауы, ғимараттар мен құрылыс объектілерініӊ бейімделмеуі, салық жеӊілдіктерін пайдаланбауы анықталды.

Мәселеніӊ өзектілігін және мемлекеттік органдардыӊ өзара іс-қимылдыӊ жеткіліксіздігін ескеріп Қызылорда облыстық прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп жасалған "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық" жобасын жүзеге асыруда.

Жобаныӊ мақсаты ретінде аталған проблемалық мәселелерді мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп шешу көзделген.

Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында №278 орта мектебініӊ мәжіліс залында жобаныӊ аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы балабақша немесе топтар ашу жөнінде Қызылорда қаласы аумағындағы жеке балабақшалар құрылтайшыларымен кездесу өткізілді.

Облыстық прокуратураныӊ басқарма бастығы Қ.Құлжанов Жобаныӊ мақсатымен таныстырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру және оларды ортаға бейімдеу үшін арнайы балабақшалар немесе топтар ашудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Кездесуде Қызылорда облысы білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Б.Бердаулетов 2013 жылмен салыстырғанда мүгедек балалардыӊ саны облыста 30 пайызға өскенін атап өтсе, Басқарманыӊ бөлім басшысы Ш.Жүнісова өз баяндамасында қаладағы мүгедек балалардыӊ 20 пайызы ғана мектепке дейінгі білім берумен қамтылғанын және тек бір бұзылыстағы балаларға 3 арнайы топтар мен 15 инклюзивтік топтар жұмыс жасайтынын айтып, өӊіріміздегі бірқатар проблемаларға назар аударды.

Отырыс барысында осы салада жүрген кәсіпкерлерге балабақша ашу тәртібі, мемлекеттен берілетін көмек және тағы басқа ерекшеліктері түсіндіріліп, қатысушылардыӊ сұрақтарына жауап берілді.

Талқылаудыӊ қорытындысы бойынша жеке балабақша өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, бұндай білім беру ұйымдарын ашуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасына балабақша ашуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерін айқындап, оларға құқықтық және басқа да көмек көрсету ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны