31.05.2017, 16:23 7386

Қызылорда облыстық прокурорлар саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдардыӊ құқығын қорғады

Қағидаға сәйкес, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - - Қызылорда облысы Жаӊақорған аудандық прокуратурасы халықтыӊ жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету барысында заӊдылықтыӊ сақталуын талдап, нәтижесінде заӊсыздықтарға жол берілгендігін анықтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген "Илеуметтік көмек көрсетудіӊ, оныӊ мөлшерлерін белгілеудіӊ және мұқтаж азаматтардыӊ жекелеген санаттарыныӊ тізбесін айқындаудыӊ үлгілік қағидаларыныӊ" 9-тармағына сәйкес, алушылар санатыныӊ тізбесін, әлеуметтік көмектіӊ шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланыӊ немесе өрттіӊ салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардыӊ шешімдерімен бекітіледі.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы Ботакөз Сейілдіӊ хабарлауынша, Жаӊақорған аудандық мәслихатыныӊ шешімдерімен (2013-2016 жылдар аралығында қабылданған) "Илеуметтік көмек көрсету, оныӊ мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардыӊ жекелеген санаттарыныӊ тізбесін айқындау" Қағидалары бекітілген.

Қағидаға сәйкес, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жаӊақорған ауданы бойынша барлығы 9 саяси құғын-күргін құрбандары бар. Олардыӊ 7-не соӊғы 2 жыл бойы тиесілі көмек көрсетілмеген.

Жаӊақорған аудандық прокуратурасыныӊ қадағалау актісі негізінде 31 Мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, аталған азаматтарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіліп, құқықтары қорғалды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны