10.07.2017, 18:20 3889

Қызылорда облыстық сотында Астана күніне арналған мерекелік жиын өткізілді

Астана күнін мерекелеу қарсаӊында бірқатар орнынан түскен судьялар мен облыстық соттыӊ судьяларына EXPO-2017 халықаралық көрмесініӊ билеттері табысталды

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық сотында Астана күніне арналған мерекелік жиын өткізілді.

Жиынды ашқан облыстық соттыӊ төрағасы Қамбар Нұрышев Астана күні мерекесініӊ тарихына тоқталды.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздіӊ бойтұмарына айналды, тұрақты дамудыӊ, өсу мен өркендеудіӊ даӊғыл жолына түсті. Биыл бас қаламызда өтіп жатқан "EXPO-2017" халықаралық көрмесі де сөзімізге дәлел", - деді сот төрағасы.

Астана күнін мерекелеу қарсаӊында бірқатар орнынан түскен судьялар мен облыстық соттыӊ судьяларына EXPO-2017 халықаралық көрмесініӊ билеттері табысталды.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ басшысы Азамат Жұмамұратов сот саласында 16 жыл абыройлы қызмет атқарып, бүгінгі күні басқа қызметке ауысуына байланысты Димаш Байдушевты Құрмет грамотасымен марапаттады.

Іс-шара соӊы мерекелік концертке ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны