05.07.2017, 09:14 5663

Қызылорда облыстық сотында құқықтану кафедрасыныӊ филиалы құрылады

Қызылорда облыстық соты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Құқықтану кафедрасыныӊ филиалын ұйымдастыру және құру туралы екіжақты шартқа қол қойылды

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық сотында құқықтану кафедрасыныӊ филиалы құрылады. Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар - рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында Қызылорда облыстық соты өткізген "Мәӊгілік ел бастауы - рухани жаӊғыру" атты дөӊгелек үстелде осындай шешім қабылданды. Мемлекет басшысы мақаласындағы мәселелер тарата айтылған шараға Қорқыт ата атындағы ҚМУ басшылығы да қатысты, деп хабарлайды университеттіӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда облыстық сотыныӊ төрағасы Қамбар Нұрышев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ ректоры Қылышбай Бисенов, ҚР Судьялар Одағыныӊ Қызылорда облысы бойынша филиалыныӊ төрағасы Айбек Дәуренбеков және облыстық соттыӊ алқа төрағалары, судьялар мен аудандық соттардыӊ төрағалары қатысқан жиында ұлттық рухани тамырымызды өркендетуге, мәдени бетбұрысымызды және дүниетанымдық көзқарасымызды жаӊғыртуға арналған мақаладағы өзекті мәселелер сөз болды. Солардыӊ бірі - көшелердіӊ тарихи-географиялық атауын сақтау және оларды қайта қалпына келтіру. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысыныӊ орынбасары Илімжан Жарылқағановтыӊ айтуынша, қазіргі таӊда 45 көшеге тарихи тұлғалардыӊ атын беру үшін республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс берілген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныӊ қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов "Латын әліпбиіне көшу - мемлекеттік тілді дамытудыӊ жаӊа мүмкіндігі" тақырыбында баяндама жасап, мемлекет басшысыныӊ жыл соӊына дейін жаӊа графикалық латын әліпбиініӊ стандартты нұсқасын жасауды жүктегенін атап өтті. Сондай-ақ филология ғылымдарыныӊ кандидаты латын әліпбиіндегі әріп саны 26-дан асатын болса, қазақ тілініӊ табиғаты бұзылатындығын көпшілікке кеӊінен түсіндірді. Осы секілді мақаладағы тереӊінен ой толғауға жетелейтін, зерттеп, зерделеуді қажет ететін тақырыптар аясында пайымды пікірлер білдірілді.

Шара соӊында Қызылорда облыстық соты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Құқықтану кафедрасыныӊ филиалын ұйымдастыру және құру туралы екіжақты шартқа қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны