10.03.2017, 18:23 6209

Қызылорда облыстық сотында судья әйелдер марапатталды

Қызылорда облыстық сотыныӊ мәжіліс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды облыстық соттыӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық сотыныӊ мәжіліс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды облыстық соттыӊ баспасөз қызметі.

Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотыныӊ төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Адранов, алқа төрағасы, аудандық соттардыӊ төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, облыстық соттыӊ соттар әкімшісі басшылығы және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысушы әріптестерін мерекемен құттықтай келе Қайрат Адранов әйелдердіӊ адамгершілік және мейірімділіктіӊ айнасы екендігін атап өтті. Сот жүйесініӊ қалыптасып, одан әрі нығаюына, азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында күрделі, жауапты қызмет атқарып келе жатқан нәзік жандардыӊ еӊбекте табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.

Шара барысында сот әділдігін жүзеге асыруда жетістіктерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып сот жүйесініӊ дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар судьялар мен сот мамандары марапатталды.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық соты төрағасыныӊ Құрмет грамотасын Қызылорда облыстық сотыныӊ судьясы Клара Қаниева, Қармақшы аудандық сотыныӊ судьясы Лаура Илібекова, Қызылорда облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ судьясы судьясы Салтанат Өмірсерікова иеленді. Ал, Қызылорда облыстық соты төрағасыныӊ Алғыс хаты Қызылорда облыстық соттар әкімшісініӊ персоналды басқару бөлімініӊ бас маманы Оразкүл Қожаева, Қызылорда облыстық соттар әкімшісініӊ талдау және жоспарлау бөлімініӊ бас маманы Сәрсенкүл Сейілге табысталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағыныӊ Қызылорда облыстық филиалыныӊ Алғыс хатымен Қызылорда облыстық сотыныӊ судьялары Светлана Жуынтаева, Жанат Оспанова, Шолпан Маликова, Клара Қаниева, Гүлсім Таӊатова, Қызылорда қаласыныӊ мамандандырылған әкімшілік сотыныӊ судьясы Гүлмира Ысқақова, Қызылорда қалалық сотыныӊ судьясы Эльмира Ахметова, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысыныӊ орынбасары Салтанат Смағұлова және бірқатар сот мамандары марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ басшысыныӊ Алғыс хатына Қызылорда облыстық сотыныӊ бас мамандары Айгүл Шадаева мен Гүлнар Сұлтанова, Қызылорда қалалық сотыныӊ бас маманы Нұрилә Дүйсенова лайық деп табылды.

Шара соӊында нәзік жандар туралы деректі фильм көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны