15.12.2008, 17:35 3103

Қызылорда облыстық сотының әкімшісі тағайындалды

Қызылорда облыстық сотының әкімшісі тағайындалды

Қызылорда. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облыстық сотының әкімшісі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасының бұйрығымен мекеменің жаңа басшысы боылп Қажденбек Баймаханов тағайындалды.

Қ. Баймаханов 1958 жылы туған, 1989 жылы ҚазМҰУ бітірді.

2003 - 2007 жылдар аралығында Қызылорда облыстық сотының әкімшісі қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қ. Баймаханов Алматы облыстық сотының әкімшілігінде және ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінде жұмыс істеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны