15.10.2018, 13:21 1462

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қасиетті нысандарға тарихи-танымдық туристік саяхаттар ұйымдастыруда

Музей саласы екі-үш жылдан бері балалар туризмін дамытуға атсалысып келеді. Соныӊ ішінде мектеп оқушылары үшін "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасы бойынша облыстағы жалпыұлттық және өӊірлік қасиетті нысандарға тағылымы мол тарихи-танымдық туристік саяхаттар ұйымдастыруда.

Қызылорда. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "Өз жеріӊді танып біл" жаӊа бастамасы аясында облыстыӊ шығыс бөлігіндегі киелі нысандардыӊ тізіміне кірген орындарға "Қазақстанныӊ киелі жерлеріне саяхат" және "SACRAL ТУР" атты тарихи- танымдық саяхаттар ұйымдастырды. Оған М.Сужиков атындағы №6 орта мектебі мен И.Ибдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжініӊ студенттері қатысты.

Елбасы халыққа арнаған жаӊа Жолдауында ұлттыӊ әлеуетін арттыру, қазақстандықтардыӊ әлеуметтік жағдайын көтеру керектігін атап өтті. Жолдауда айтылған "Ауыл - Ел бесігі" жобасы арқылы өӊірлердегі еӊбекке қатысты идеологияны ілгерлетуді қолға алу керектігін айтты. "Өз жеріӊді танып біл" жаӊа бастамасы аясында еліміздіӊ өӊірлері бойынша мектеп туризмін жаӊғырту керектігін ерекше атады. Сонымен бірге жастардыӊ барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатыныӊ ауқымды платформасын қалыптастыру үшін келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Балалар-жасөспірімдер туризмі білім беру жүйесінде бірдей білім кеӊістігін сақтауға мүмкіндік беретін қызмет түрі ретінде ерекше орын алады.

Балалар-жасөспірімдер туризмініӊ негізгі мақсаты кіші отанын және өз елін тану арқылы азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті елдерде бұл сала жоғары деӊгейде дамыған. Музей саласы екі-үш жылдан бері балалар туризмін дамытуға атсалысып келеді. Соныӊ ішінде мектеп оқушылары үшін "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасы бойынша облыстағы жалпыұлттық және өӊірлік қасиетті нысандарға тағылымы мол тарихи-танымдық туристік саяхаттар ұйымдастыруда. Алдағы уақытта Елбасы Жолдауындағы "Өз жеріӊді танып біл" жаӊа бастамасы аясында бірнеше әлеуметтік жобалар ұсынылып, жүзеге асырылмақ, деп жазады Б.БЕКМАМБЕТ, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ директоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны