18.05.2017, 14:48 4479

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымы "Музейдегі" түн шарасына дайындық үстінде

Осы түні театрландырылған көріністер, арнайы көрмелер, ұлттық ойындар мен шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады. Және биыл музейге экскурсияны жергілікті өнер жұлдыздары жүргізеді.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымы "Музейдегі" түн шарасына дайындық үстінде. 18 мамыр күні өтетін бұл шарада әлемдегі барлық музейлер келушілерге есігін айқара ашады.

Осы түні театрландырылған көріністер, арнайы көрмелер, ұлттық ойындар мен шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады. Және биыл музейге экскурсияны жергілікті өнер жұлдыздары жүргізеді.

- Дәстүрге сәйкес осы күні біз сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейміз. Шараға қатысуға тілек білдіргендер осы күні музейдегі жәдігерлерді тегін тамашалай алады, -облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ ғылыми қызметкері Алма Мұқанова.

Акцияныӊ негізгі мақсаты жас толқынға заманауи музейлердіӊ әлеуетін кеӊірек таныстыру болып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны