29.10.2018, 19:19 4129

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ филиалы "Қызылорда тарих толқынында" атты шара ұйымдастырды

Шара барысында қаладағы қорғауға алынған тарихи ескерткіштердіӊ тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы айтылды.

Қызылорда. 29 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ филиалы Ақмешіт музейінде "Рухани жаӊғыру" кіші бағдарламасы "Туған жер - Туған ел" базалық бағыты аясында, "Қызылорда тарих толқынында" атты шара ұйымдастырды.

Тарихы тереӊде жатқан Сыр бойындағы Қызылорда өӊірі екі ғасыр тарихты артқа тастап, алты алаштыӊ басын қосып, қаймағы бұзылмаған қазақ халқыныӊ қасиетті мекеніне айналып отыр. Шараныӊ мақсаты: екі ғасырлық тарихымызды өскелеӊ ұрпаққа насихаттау.

Шара қонақтары Ықсанов атындағы политехникалық колледжініӊ студенттері мен оқытушылары және "Ескерткіштерді қорғау мекемесініӊ" қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қаладағы қорғауға алынған тарихи ескерткіштердіӊ тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны