12.04.2017, 16:58 4904

Қызылорда облыстық театр және филармония ұжымдары Изербайжан Республикасыныӊ қалаларында өнер көрсетуде

Қазақстан мен Изербайжан республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстыӊ 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық театр және филармония ұжымдары Изербайжан Республикасыныӊ Баку және Шеки қалаларында өнер көрсетіп жатыр.

Қызылорда. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Изербайжан республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстыӊ 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық театр және филармония ұжымдары Изербайжан Республикасыныӊ Баку және Шеки қалаларында өнер көрсетіп жатыр.

Бауырлас елмен мәдени байланысты тереӊдете түсуге бағытталған облыстық әкімдіктіӊ бұл бастамасын Қазақстанныӊ Изербайжан республикасындағы елшілігі, ИР мәдениет және туризм министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы қолдады.

Өнер күндерініӊ ашылуы қарсаӊында Қазақстанныӊ Изірбайжан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев облыс делегациясымен кездесіп, сәттілік тіледі.

Өткен жылы алыс-жақын шет елдермен мәдени байланысты нығайту мақсатында облыстық филармонияныӊ "Томирис" би ансамблі Түркияда, АҚШ-тыӊ Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, өнер көрсеткен еді. Сонымен қатар осы өнер ұжымы ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Ресейдіӊ Орынбор қаласында, Ташкентте, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында және арнайы мерекелік бағдарламалармен елді мекендерде гастрольдік концерттер ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны