03.03.2017, 22:05 7660

Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы 2016 жылғы қызметін қорытындылады

2016 жылы Интернет желісіне кеӊ жолақты қатынау қызметтерін жылжыту бойынша жұмыстар жалғастырылды, облыста КЖҚ тұтынушылар саны 44540 абонентті құрады.

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында 2016 жыл қызметін қорытындылады және алдағы жылға міндеттер анықталды.

Филиал қызметі 2016 жылы басымдықты жоспарларды уақытылы жүзеге асыруға, сонымен қатар жоғары сапалы телекоммуникация қызметтерін ұсыну жолымен тұтынушылардыӊ қанағаттануын жоғарылатуға бағытталды . Мәжілісте "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры Ибділманов Уалихан қатысты.

Мәжіліс барысында Қызылорда ОТД бас директорыныӊ м.а. Қалықов Бақытбек қатысушыларға облыстық дирекцияныӊ өткен жылдағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады. 2016 жылы FTTH технологиясын енгізу бойынша жасалынған жұмыс нәтижесінде iD Net қызметіндегі абоненттер саны 11729-ға жетті. FTTH желісініӊ жалпы құрастырылған сыйымдылығы 22460 портты құрап отыр.

GPON желісі құрылысымен қатар АDSL технологиясы бойынша деректерді табыстау желісін дамыту жұмыстары орындалды. 11 мультисервистік қатынауда деректерді табыстау ұйымдастырылды, нәтижесінде әр тораптыӊ табыстау жылдамдығы 1 Гбит/с дейін көбейді, бұл порт сыйымдылығыныӊ кеӊеюіне мүмкіндік берді. Қызылорда ОТД меншікті ресурстарыныӊ есебінен халыққа iD TV қызметін ұсыну үшін жеті ауылдық елді мекендерде жабдықты қондыру мен күйге келтіру жұмыстары жүргізілді, бұл порттық сыйымдылықты 256 нөмірге көбейтуге мүмкіндік берді.

2016 жылы Интернет желісіне кеӊ жолақты қатынау қызметтерін жылжыту бойынша жұмыстар жалғастырылды, облыста КЖҚ тұтынушылар саны 44540 абонентті құрады. Өткен жыл бойына 10553 абонент - iD TV қызметініӊ 4285 нүктесі , iD Phone қызметіндегі абоненттер саны -1398 , әмбебап нөмір қызметініӊ тұтынушылары - 1585 абонент.

Ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарына 100 бекітілген желіге КЖҚ қызметтерін енгізу деӊгейі 52 % құрайды, 100 үйшаруашылықтарындағы телефон тығыздығы -52 %.

Аудан орталығы - ауыл учаскелеріндегі желіні жаӊарту жобалары аясында талшықты-оптикалық желілер құрылысымен облысымыздыӊ аудан орталығынан төмен 53 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етілген. Облыстағы барлық 261 ЕАМ телефондандырылған, оныӊ сымсыз кеӊжолақты қатынаумен Интернет желісіне , соныӊ ішінде EVDO технологиясымен 152 ауылдық елді мекендер, немесе облыстыӊ барлық АЕМ 58%.

"Тұрғындар саны 250 асатын ауылдық елді-мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету " Мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу аясында Қызылорда ОТД облыстағы 80 ауылдық елді-мекендерде ТОБЖ салынуы жоспарлануда.

Жоспардыӊ жүзеге асу нәтижесінде , 2017-2018 жж, мемлекеттік мекемелер, бюджеттік мекемелер, соныӊ ішінде мектептер, СНП -ғы медициналық мекемелер 10 мбит/сек кем емес өткізімділік қабілеті бар КЖҚ қызметіне қол жеткізеді.

Мәжіліс барысында Қызылорда ОТД ұжымы алдында 2017 жылға бірнеше міндеттер қойылды , яғни абоненттердіӊ инфокоммуникация қызметтерініӊ барлық түріне сұраныстарын барынша қанағаттандыру , көрсетілген қызметтер сапасын арттыру, жаӊа қызметтер енгізу және сервис.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны