29.05.2017, 16:26 4376

Қызылорда облыстық ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын балаларды су айдындарында үлкендердіӊ бақылаусыз қалдырмауды сұрайды

Сол себепті құтқарушылар үгіт-насихаттық жұмыстарды да естен шығармақ емес: оқушылар арасында сайыстар өткізеді, оқушыларға, кәсіпорындардағы адамдарға дәрістер оқиды, бейнероликтер, слайдтар көрсетеді, жадынама, үнпарақтар таратады.

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Суға түсу маусымы басталмай жатып-ақ адамдардыӊ суда қаза болуы тіркелуде. Жақында Қызылорда қаласында Сырдария өзенінде екі оқушы суға батып кетті. Бірнеше бала өзенге суға шомылуға келеді. Бірақ қайғылы жағдайға ұшырайды: олардыӊ бірі суға батып кетіп, шыға алмай қалады. 2017 жылғы 24 мамырда Мерей шағын ауданы маӊындағы Сырдария өзенінде "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушылар күшімен №136 мектептіӊ 8 сынып оқушысы Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны 2002 жылы туылған А.Ж.-ға іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, үш күн бойғы құтқарушылардыӊ іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр .

Келесі қайғылы оқиға 2017 жылдыӊ 25 мамырында Қызылорда қаласындағы "Пищевик" саяжайындағы Сырдария өзенінде орын алған. Шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылған бала, яғни 2008 жылы туған А.Б. (№173 орта мектептіӊ 3 сынып оқушысы) суға батып кеткен. Сол күні "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушыларыныӊ күшімен мәйіт судан шығарылды.

Жыл басынан бері облыс су тоғандарында 6 адам суға кеткен. Оныӊ үшеуі бала. Егер де әрбір адам өз өміріне және балаларыныӊ өміріне аса жауапкершілікпен қарар болса бұл статистикалық мәліметтердіӊ болмауы мүмкін еді. Қарапайым талапқа сай емес, суға түсуге болмайтын өздері белгілеп алған жағажайларда суға түсуге, бос уақыттарын өткізуге көпшілігі құмар. Ал, өлген адамды қайтып тірілту мүмкін емес. Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімініӊ бастығы Бақтияр Тұрмановтыӊ айтуынша қайғылы оқиғалардыӊ себептері де әр түрлі. Көпшілігіне тән бір себеп жеӊіл ойлап суға түсе саламын деп суға түсу. Суға түсуге болмайтын тереӊ жерлерде, қатты ағыста суға түсу, қарапайым суға түсу ережесі талаптарын сақтамау, зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерлік көмек беруді білмеу. Айталық, отбасымен демалысқа шығу кезінде тереӊге кеткен адамды құтқара алмайды. Көбінесе ата-аналар суға түсуді білмейтін балаларын қараусыз қалдырады, құтқару тәсілдерін білмейді, алғашқы көмекті көрсет алмайды. Өзенге мас күйінде келіп түсетіндер де бар. Бұндай адамдар әдетте құтқарушылардыӊ айтқан талаптарын тыӊдамай, дөрекі сөйлеуі, ашушаӊдық танытуы мүкін. "Сырдария сеніӊ жеке меншігіӊ емес, қай заӊда мұндай суға түсуге болмайды деп жазылған...", - деп таӊ қалып, мазасызданады кей азаматтар. Жалпы жаз - сүӊгуірлер үшін қарбалас кезеӊ. Бұл уақыттарда олар күшейтілген дайындықта жұмыс істейді. - Адамдар суға қалай түсу керек, сіз оларға қандай кеӊес берер едіӊіз? - деп сұрады "Қоғам ТД" және "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ журналистері Олжас Дәуіт пен Ғалымжан Жұманазар. - Еӊ алдымен суға түсуге рұқсат етілген орындарда суға шомылу керек және суға түсудіӊ қарапайым қағидаларын естен шығармаған жөн, - деді Б. Тұрманов. - Суға түсер алдында жағада дем алып алған жөн, суға қызуқандылықпен түсуге болмайды. Суда дене құрысып қалмауы үшін алдымен денені сумен жуып алған жөн. Адам өзін жақсы сезінбесе суға түсуге болмайды, тамақты тойып алып суға түсуге болмайды. Тереӊдігінен бейхабар жерге суға түсуге болмайды. Үлкен толқындарды көрсеӊіз, онда суға түспеӊіз. Жағадан алысқа кетпеӊіз. Суға түсуге болмайды деген белгі қойылған жерде суға тұспеӊіз. Құрысу баталса қорықпаӊыз, көмекке шақырыӊыз. Сізге қарай жүзіп келе жатқан құтқарушыныӊ қолынан қатты ұстап алмаӊыз. Оған өзіӊізді құтқаруға көмектесіӊіз. Ал, зардап шеккен адамға көмектесетін болсаӊыз, онда оны жағаға шығарып, аузын судан тазартыӊыз, қолдан тыныс алдырыӊыз. Ирине, суда еркін жүзу үшін суға түсуді меӊгеріп барып суға түскен жөн. Оған қоса құтқарушылар денені шаршап, қалтырағанға дейін суға түсу зиян екен алға тартады. Суда көп уақыт бойы болу, денені тоӊдырып, құрысуға дейін жеткізуі мүмкін. Жағадан алысқа суға түспеӊіз. Өйткені өз күшіӊізді есептемегендіктен қайғылы жағдайға тап болуыӊыз мүмкін. Кәсіби мамандардыӊ айтқан кеӊестеріне құлақ түріӊіз. Қайғылы жағдайға тап болмас үшін алдын алып жүрген жөн. Сол себепті құтқарушылар үгіт-насихаттық жұмыстарды да естен шығармақ емес: оқушылар арасында сайыстар өткізеді, оқушыларға, кәсіпорындардағы адамдарға дәрістер оқиды, бейнероликтер, слайдтар көрсетеді, жадынама, үнпарақтар таратады.

Үгіт-насихаттық жұмыстар туралы "Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" ММ басшысы Бақыт Ембергенов республикалық "Хабар" телеарнасында сөйледі. Бақыт Сағынбекұлы облыс тұрғындары мен қонақтарын суға түсу маусымында қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды су айдындарында үлкендердіӊ бақылаусыз қалдырмауды сұрады.

Иә, үнпарақтар таратып, слайд көрсеткенмен, "сақтансаӊ, сақтайды" дегенді бір сәтке де естен шығармау керек екендігі еске түседі. Өз өміріӊіз бен жақындарыӊыздыӊ өміріне деген жауапкершілік сезіміӊіз жоғары болса, онда қайғылы оқиғалардыӊ да аз болатыны сөзсіз,- дейді Айгүл НҰРМАНОВА, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобыныӊ бас маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны