17.04.2017, 18:07 4848

Қызылорда облыстық "Wiedergeburt" неміс этномәдени бірлестігі "Frohe Ostern" этнос күні мерекесін атап өтті

Сенбі күні Қызылорда облыстық "Wiedergeburt" неміс этномәдени бірлестігі "Frohe Ostern" этнос күні мерекесін атап өтті. Ол неміс этносыныӊ Пасха мерекесі күніне орайластырылып өткізілді, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Сенбі күні Қызылорда облыстық "Wiedergeburt" неміс этномәдени бірлестігі "Frohe Ostern" этнос күні мерекесін атап өтті. Ол неміс этносыныӊ Пасха мерекесі күніне орайластырылып өткізілді, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық ассамблея хатшылығыныӊ басшысы Ләйлә Төрешова, барлық этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекеге орай жиылғандарды облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов құттықтады. Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлестігініӊ төрайымы Ирина Шек пен өзге де жетекшілер лебіздерін білдірді.

Мерекеге келгендердіӊ құрметіне неміс пасхасын тойлаудыӊ салты мен дәстүрі көрсетіліп, ән мен биге ұласты. Жалпы Германия елінде байырғы кезден Ostern мерекесі көктем нұрын шашқанда тойланатын болған. Оған себеп, көктем әйел жебеушісі - Osterа болған. Негізінде бұл мереке әр жыл сайын көктемніӊ аяғы мен сәуірдіӊ басында жексенбі күні көктемгі күн мен түнніӊ теӊелуі мен алғашқы айдыӊ толған кезінде аталып өтіледі.

Пасха - бұл көктем мезгілі басталуын білдіретін дәстүрлі мереке. Неміс Пасхасыныӊ ерекше белгісі өмір мен жаӊа бастаудыӊ символын білдіретін боялған жұмыртқалар, мол өнімді білдіретін пасха қояны, әртүрлі пісірілген нан және тәттілер.

Мереке барысында әртүрлі ойындар, пасхалық жұмыртқалар таратылып, флешмоб ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны