08.10.2012, 17:51 3707

Қызылорда / "Өнімділік 2020"/семинар

Қызылорда қаласында "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың талаптары мен тетіктерін жариялау бойынша семинар өткізілді.

Қызылорда қаласында "Өнімділік 2020" бағдарламасы аясында семинар өткізілді - баспасөз баяны

Қызылорда қаласында "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың талаптары мен тетіктерін жариялау бойынша семинар өткізілді.

2012 жылғы 1-2 қазанда Қызылорда қаласында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарын орындау, сондай-ақ, "Өнімділік 2020" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру шеңберінде "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ-ы (бұдан әрі - "ҚИДИ" АҚ-ы) "ҚДБ-Лизинг" АҚ-мен және Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге Бағдарламаны мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын жариялау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тетіктері мен талаптарын түсіндіру жөніндегі кәсіпкерлік субъектілерімен семинар-кеңес аясында "ҚИДИ" АҚ-ы өкілі - Өнімділік 2020 бағдарламасы орталығының бас сарапшысы Д.Серіков сөз сөйледі, ал "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бағдарламасының құралын ұсынуға қатысты - "ҚДБ-Лизинг" өкілі сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысына сапар шеңберінде семинарға қатысушылар мынадай кәсіпорындарға барды: "Абзал және К" ЖШС-і, "РМЗ-Шапағат" ЖШС-і, "Жер-ана групп" ЖШС-і, "АЖБ" ЖШС-і (Автомобиль жолдары басқармасы) және т.б. Олардың Бағдарламаға қатысуы жоспарлары туралы сұрау салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны