20.06.2017, 22:57 9165

Қызылорда теміржол вокзалы аумағында орналасқан кәсіпкерлер жұмысына рейд өтті

Шара барысында вокзалдыӊ эстетикалық келбетін келтіру, онда көрсетілетін қосымша қызметтерді жақсартуға бағытталған концепцияға байланысты шешуі қиын мәселелер талқыланды. Жолаушыларға қызмет көрсетуде кездесетін ұсыныс пікірлер тыӊдалды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы "Теміржол" филиалыныӊ ұйымдастырумен кәсіпкерлік субъектілерініӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғау мақсатында Қызылорда теміржол вокзалы аумағында орналасқан дүӊгіршектерде жолаушылар мен вокзалға келіп-кеткен халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер жұмысына рейд өтті.

Оған Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шүленбаев, Қызылорда станциясыныӊ ІІЖБ басшысы Нұрлан Қошқарбеков, санэпид қадағалау бөлім басшысы Аққали Рысбаев, "Нұр Отан" партиясы "Теміржол" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Базар Танбаева қатысты.

Шара барысында вокзалдыӊ эстетикалық келбетін келтіру, онда көрсетілетін қосымша қызметтерді жақсартуға бағытталған концепцияға байланысты шешуі қиын мәселелер талқыланды. Жолаушыларға қызмет көрсетуде кездесетін ұсыныс пікірлер тыӊдалды.

"Нұр Отан" партиясы "Теміржол" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Базар Танбаева елімізде ішкі жалпы өнімніӊ елеулі бөлігін өндіріп отырған шағын және орта бизнеске жасалып отырған қолдаулар туралы айтып өтті. Дегенмен осындай рейдтер арқылы олардыӊ тауар сапасын нашарлатпай, халықтыӊ көӊілінен шығатындай жұмыс жасаулары қадағаланып тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны