24.09.2007, 11:37 1705

Қызылорда тұрғындары Қала күнін атап өтуде

Қызылорда тұрғындары Қала күнін атап өтуде.

Қызылорда. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда тұрғындары бүгін Қала күнін атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "мерекелік шаралар 24 қыркүйек, дүйсенбіден бастап бүкіл аптаға межеленген".

Мереке аясында "Сыр бойындағы сұлу қала" атты жыраулар концерті, "Қызылорда - менің отаным!" атты көрме өтеді. Сонымен бірге Астана, Ақтөбе, Шымкент және Байқоңырдың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен "Шашу" атты би фестивалі ұйымдастырылмақшы. Спорттық сайыстар, Алғырлар мен тапқырлар клубының байқаулары да бағдарламада бар.

Икімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Үлгілі үй", "Таңдаулы ПИК", "Исем көше", "Үлгілі сектор" секілді аталымдар бойынша өткен байқаулар қорытындыланады.

Мереке 29 қыркүйекте Қызылорданың орталық алаңында от шашумен және Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концертімен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны