13.08.2013, 13:54 4599

Қызылорда тұрғындарының қарызы 92 млн теңгеге жетті

ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында Қызылорда тұрғындарының жөндеу жұмыстары үшін қарызы 92 млн теңгеге жетті

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында Қызылорда тұрғындарының жөндеу жұмыстары үшін қарызы 92 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Оразхан Абдуллаевтың BNews.kz тілшісіне берген мәліметіне сілтеме жасай отырып.

"21 үй бойынша жөндеу жұмыстарына халықтың айсайынғы төлемінен жиналып қалған қарыз 92 млн теңгеге жетті, жөндеу жұұмыстары 1 тамызда аяқталған болатын", - деді ол.

Қала әкімдігінің желісі бойынша 5 мобильдік топ құрылыпы, олардың қатарына тұрғын үй инспекциясының, "Тұрғын үй-Қызылорда" ЖШС-ның және ішкі істер органдарының мүшелері кірді. Мобильдік топтар борышкерлерді үй-үйлеріне іздеп барады.

"Мембағдарлама бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлердегі әрбір пәтер иелеріне 20 мың және одан да көп қарыздан келеді, - деді Абдуллаев. - Қазір ең жауапсыз деген борышкерлердің үстінен тұрғын үй инспекциясы міндеттеп төлету үшін сотқа беру арызын дайындау үстінде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны