31.08.2016, 13:58 7005

Қызылордада 124 отбасы баспаналы болды

Соӊғы 3 жылда Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мыӊ шаршы метрді құрайтын, 3,5 мыӊ пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізілді. Биылдыӊ өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаӊадан 11 шағын аудан бой көтерді.

Қызылорда.31 тамыз. Kazakhstan Today - Сыр жұртшылығыныӊ мерейі мерекеде үстем болды. Қызылордада ҚР Конституциясы күні қарсаӊында Ел тәуелсіздігі 25 жылдығы аясында Сұлтан Бейбарыс көшесінде жаӊа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, баспаналы болған тұрғындардыӊ қуаныштарымен бөлісті.

"Елбасы, Тәуелсіз еліміздіӊ Тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев халықты, соныӊ ішінде көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау жөнінде әрқашан айтып келеді. Көрсетілетін қолдаулардыӊ бастысы баспанамен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аймағымызда сәтті жүзеге асып, бүгінде Алаштыӊ анасы атанған қасиетті мекен қарқынды құрылыс аймағына айналды. Аймақта әлеуметтік нысандардан бөлек, тұрғын үйлердіӊ де көптеп салынып жатқандығын ешкім жасырмайды. Облыста былтырдыӊ өзінде құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, оныӊ ішінде Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты",- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Соӊғы 3 жылда Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мыӊ шаршы метрді құрайтын, 3,5 мыӊ пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізілді. Биылдыӊ өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаӊадан 11 шағын аудан бой көтерді.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бағдарламасы бойынша дәл осы күні 100 пәтерден тұратын 2 үй тапсырылса, алдағы желтоқсанда "Арай-3" ықшам ауданында тағы 200 пәтерлік 6 үйді пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда, осы жылдыӊ қорытындысы бойынша облыста "Өз үйім" бағдарламасы аясында 20 мыӊ шаршы метрден астам баспана тапсырылады. Бұл пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер елімізде мемлекет тарапынан тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыруға жасалып жатқан қолдаудыӊ нақты көрінісі.

Сондай-ақ қалада Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесінде жаӊадан 24 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға берілді. Онда мемлекеттік қызметкер, құқық қорғау саласы, ел намысын қорғаған спортшылар мен медицина саласы қызметкерлері тұратын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны