07.02.2017, 18:58 4971

Қызылордада 13 бас малды қолды еткен барымташылар ұсталды

Ұсталған азаматтар өздерініӊ кінәларын мойындап, жәбірленушілерге келтірген материалдық шығындарын толық мөлшерде өтеген.

Қызылорда. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда ОІІД Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлері 5 мәрте мал ұрлығы қылмысын жасап, ауыл тұрғындарыныӊ 13 бас малын қолды етіп, жалпы 365 000 теӊге көлемінде шығын келтірген 25 жастағы 2 азаматты ұстады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдыӊ 19-нан 20-на қараған түні Жалағаш ауданы тұрғыныныӊ мал қорасындағы торы түсті жылқысы ұрланып, жалпы құны 120 000 теӊгені құрайтын шығын келтірілген. Жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде 1991 жылы туылған Қызылорда қаласыныӊ 2 тұрғыны ұсталды. Олардыӊ басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде бұдан бөлек 4 мал ұрлығы қылмысын жасап, 12 бас қой ұрлағандары белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азаматтар өздерініӊ кінәларын мойындап, жәбірленушілерге келтірген материалдық шығындарын толық мөлшерде өтеген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны