26.04.2007, 13:02 3559

Қызылордада 180-нен астам бала астан уланды

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қызылордада 183 бала астан уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, № 8 мектеп-интернатынан (оқушылардың жалпы саны 396, ал 270 бала интернатта өмір сүреді) 25-сәуірдің 20 сағат 30 минутынан бастап 26-сәуірдің 06 сағатына дейін астан уланған әртүрлі жастағы 137 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (олардың ішінде 12 бала жансақтау бөлімшесінде жатыр, қалғандарының ахуалдары орташа деп бағалануда) және 6 адам (ахуалдары орташа) "Денсаулық" ЖШС жекеменшік ауруханасына жеткізілген.

Сонымен қатар, № 1 мектеп-интернатынан (118 адам тұрақты өмір сүреді) 26-сәуірдің 02 сағатынан бастап 06 сағатына дейін "Денсаулық" ЖШС жекеменшік ауруханасына 25 адам (ахуалдары орташа) жеткізілген.

Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайынан (126 бала емделуде) 26-сәуірдің 05 сағатында 15 баланың астан уланғандығы туралы хабар келіп түскен. Балаларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген, олардың жағдайлары орташа.

Қазіргі уақытта штабтың күшімен төтенше оқиғаның салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Астан жаппай улануға сүт өнімдері себеп болуы мүмкін деген болжам жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны