09.10.2009, 13:29 2455

Қызылордада 2006 жылғы шілдеде ғарыштық зымыранның апатқа ұшырау зардаптарына жүргізілген экологиялық мониторинг аяқталды

Қызылордада 2006 жылғы шілдеде ғарыштық зымыранның апатқа ұшырау зардаптарына жүргізілген экологиялық мониторинг аяқталды

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада 2006 жылғы шілдеде РС-20 ғарыштық мақсаттағы зымыранның апатқа ұшырауы салдарынан техногендік әсерге ұшырау зардаптарына жүргізілген экологиялық мониторинг аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2006 жылдың 27 шілдесінде Ресейдің РС-20 "Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейінгі 73-ші секундта апатқа ұшырады, ол жер орбитасына 18 жер серігін, соның ішінде белоруссияның бірінші жер серігі - "БелКАны" ғарышқа шығаруға тиіс болған,- деді Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиев.

"Үшжылдық зерттеулердің нәтижесінде Арал теңізінің тартылу, ғарыштық-зымырандық қызметтердің және басқа да қоршаған орта факторларының Қармақшы ауданы тұрғындарының денсаулығына әсерін зерттеу жөніндегі өңірлік бағдарламаның жобасын жасау қажет", - деп нұсқайды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов.

"Жылдың аяғына дейін қоғамдық тыңдаулар мен аудан халқымен кездесулер өткізіп, Қазақстандық және Ресейлік мамандарға үшжылдық экологиялық мониторинг нәтижесімен таныстыру керек", - деді Қармақшы ауданының әкімі Биғали Қаюпов. Зерттеу материалдарымен тек мамандар ғана емес, Байқоңыр ғарыш айлағының маңында тұратын ауылдардың тұрғындары да танысуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны