07.06.2017, 16:03 3513

Қызылордада 2017 жылдыӊ 15 наурызынан бері "Open Kyzylorda" жобасы жұмыс істеп келеді

Жоба мақсаты - заманға сай технологияны пайдалана отырып халық пен биліктіӊ арасында ашық байланыс орнату.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 15 наурызынан бастап Қызылорда қаласы әкімдігініӊ жанынан "Whatsapp" мессенджерінде "Open Kyzylorda" жобасы жұмыс істеп келеді.

Жоба мақсаты - заманға сай технологияны пайдалана отырып халық пен биліктіӊ арасында ашық байланыс орнату.

WhatsApp мессенджері 8 702 887 11 11 нөмері арқылы жүзеге асырылады.

Қызылорда қаласыныӊ күнделікті тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді, ұсыныстарыӊызды көрсетілген нөмерге жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жолдауларыӊызға болады.

Қабылданған хабарламалардыӊ "Кабылданды" сөзін жіберу арқылы назарға алынғандығы білдіріледі.

"OPEN KYZYLORDA" жобасына Whatsapp месенджер арқылы жолданған әрбір хабарламаныӊ маӊыздылығы мен мәселесі бойынша категорияға бөлінеді және әрі қарай мәселені шешу механизмі іске қосылады.

Шұғыл хабарламалар: ауыз су және кәріз жүйесініӊ істен шығуы, жылу жүйелеріндегі ақаулар, электр желілеріндегі ақаулар мен апаттар, өрт, жол-көлік, төтенше жағдай оқиғалары, қаладағы көрнекі ақпарат құралдарыныӊ немесе жол белгілерініӊ, люк қақпақтарыныӊ ашықтығы, мемлекеттік рәміздердіӊ жыртылуы т.б.

Ақпараттық хабарламалар: жол сапасы, жолаушылар тасымалы, жолдыӊ жабықтығы, қоқыс жәшіктерініӊ уақытылы тазармауы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардыӊ қызметі, азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша кеӊес алу т.б.

Шұғыл хабарламаларға шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдардыӊ қарауына жолданып, бұл хабарламалардыӊ орындалу нәтижесі атқарылған шаралар туралы арнайы ашылған "OPEN_KYZYLORDA" инстаграмм парақшасына және фейсбук әлеуметтік желісіндегі Open Kyzylorda ресми парақшасында жауап беріледі.

Мазмұны ұқсас немесе қайталанған хабарламалар арнайы әзірленген скриншоттар арқылы жауап қайтарылады.

"Туған қаламызды бірге түлетейік! Қаланыӊ дамуына өз үлесіӊізді қосыӊыз!",- деп шақырады қала халқын әкімшілік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны