31.08.2016, 11:09 6612

Қызылордада 280 орындық балабақша ашылды

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 280 орындық жаӊа балабақша құрылысына республикалық бюджеттен 525 млн. теӊге бөлініп, алтын қалақ құрылысшылар еӊбегі арқасында мерзімінде пайдалануға берілуде.

Қызылорда.31 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев қалада 280 орындық балабақшаныӊ ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік, қаламыздыӊ көрікті ауданынан жаӊадан берілгелі тұрған 280 орындық балабақша ғимараты соӊғы үлгіге сәйкес балалардыӊ жарық та кеӊ, жаӊа технологиялармен жабдықталған бөлмелерде тәрбие алуына ыӊғайластырып салынған.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 280 орындық жаӊа балабақша құрылысына республикалық бюджеттен 525 млн. теӊге бөлініп, алтын қалақ құрылысшылар еӊбегі арқасында мерзімінде пайдалануға берілуде.

Жалпы Қызылорда қаласында Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен өӊірлерді дамыту мақсатында қолға алынған "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында ұлттық қор есебінен Тасбөгет кентінде 300 орындық жаӊа мектептіӊ құрылысы, "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 6 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұнымен қоса, мереке аясында Шиелі бағытындағы қаланыӊ кіреберіс қақпасы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аймақ басшысы қайта жаӊғыртудан өткен "Нұр Отан" партиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалыныӊ ғимаратыныӊ жұмысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны