26.09.2016, 10:21 3556

Қызылордада 350 отбасы баспаналы болды

Биылдыӊ өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаӊадан 11 шағын аудан бой көтерді.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада 350 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

"Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" аясында жаӊа "Сәулет" мөлтек ауданында "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы арқылы салынған 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйі ел игілігіне берілді.

Биылдыӊ өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаӊадан 11 шағын аудан бой көтерді.

Айта кетейік, облыс бойынша құрылыс көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты. Сонымен қатар соӊғы үш жылдыӊ көлемінде Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мыӊ шаршы метрді құрайтын, 3 мыӊ 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны