03.05.2017, 15:20 4414

Қызылордада 56 бас сиырды ұрлап, пайда таппақ болған қылмыстық топ құрықталды

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада 56 бас сиырды ұрлап, пайда таппақ болған қылмыстық топ құрықталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, 2017 жылдыӊ 05 қаӊтарында Жаӊақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылыныӊ 53 жастағы тұрғыны арызданып, ауылдан 3 шақырым жерде жайылып жүрген 3 бас сиыры ұрланғандығын хабарлаған болатын.

Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында сәуір айында "барымташылық жасады" деген күдікпен 50 жастағы, 45 жастағы және 34 жастағы 3 ер адам ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімініӊ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған тұлғалардыӊ өӊірде орын алған 14 мал ұрлығы қылмысына қатысы бар екендігі және барлығы 56 бас сиыр малы қолды болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны