13.04.2017, 15:36 5098

Қызылордада 9-11 сынып оқушыларыныӊ кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналған "NIS Kyzylorda Startup" жобасы іске қосылды

"NIS KyzylordaStartup" жобасы - 9-11 сынып оқушыларыныӊ кәсіпкерлік дағдыларын дамыту арқылы жас кәсіпкерлердіӊ кәсіби және тұлғалық дамуына жәрдемдесуге, оқушылардыӊ жаӊа бизнес-бастамаларын қолдауға арналған байқау.

Қызылорда. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардыӊ кәсіпкерлік қабілеттерін нығайтып, қолдау көрсетуге бағытталған "NIS Kyzylorda Startup" жобасы іске қосылды.

"NIS KyzylordaStartup" жобасы - 9-11 сынып оқушыларыныӊ кәсіпкерлік дағдыларын дамыту арқылы жас кәсіпкерлердіӊ кәсіби және тұлғалық дамуына жәрдемдесуге, оқушылардыӊ жаӊа бизнес-бастамаларын қолдауға арналған байқау.

Алғашқы кезеӊде оқушылардан барлығы 170-ке жуық өтінім келіп түсті. Бүгін осы өтінім берген оқушы топтарға бизнесті жоспарлау, бизнес-стратегияныӊ маӊыздылығы, маркетинг жасау және қаржыны ұтымды пайдалану бойынша кәсіби көмек көрсетілуде.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе ұйымдастырылған алғашқы семинар-тренингте оқушылар Өӊірлік іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасында "Бизнес-консультант" және "Бизнес-өсу" бағдарламаларыныӊ бизнес-тренері Жанна Амановамен жүздесіп, кәсіпкерлік туралы жалпы ақпарат алып, жаӊа бизнесті бастаудыӊ негізгі сатыларымен танысты. Түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы Жанна Нұрланқызы оқушыларды креативті ойлауға, кедергілерге төтеп бере алуға, көшбасшылық қабілеттеліктерді пайдалана білуге шақырды.

Мамыр айында ұсынылған бизнес жобаларды іріктеу кезеӊі өткізіледі. Бұл кезеӊ дементорлардан, жеке кәсіпкерлерден құралған конкурстық комиссия еӊ үздік бірнеше бизнес жобаларды іріктейді және ақтық кезеӊге жолдама береді.

Байқаудыӊ қорытынды кезеӊінде, яғни қазан айында оқушылар өз жұмыстарын қорғап, конкурстық критерилерге сәйкес үздіктер анықталатын болады. Бизнес-идеялардыӊ жаӊалығы және бірегейлігі, әлеуметтік және экологиялық әсерлері ерекше назарға алынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны