12.05.2017, 14:07 4945

Қызылордада алименттен қарызы бар жұмыссыз борышкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді

Қызылорда қалалық прокуратурасы "Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам" жобасы аясында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе отырып, алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердіӊ орындалу тиімділігін арттыру мақсатында, қала бойынша кеӊ көлемде "Жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру" атты жәрмеӊке өткізді.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today -Қызылорда қалалық прокуратурасы "Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам" жобасы аясында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе отырып, алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердіӊ орындалу тиімділігін арттыру мақсатында, қала бойынша кеӊ көлемде "Жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру" атты жәрмеӊке өткізді.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай, өткізілген шара нәтижесінде бүгінгі күнге дейін аймақта бос жұмыс орындарына алимент төлеуге мүмкіншілігі болмаған 94 борышкерлер жұмыспен қамтамасыз етіліп, қазіргі таӊда олардан алимент өндірілуде.

Айта кететін жайт, ағымдағы жыл басында 430 борышкерлерден 688 балаға 141 млн. теӊге берешек қарыздары қалыптасып, бүгінгі күнгі дейін 245 борышкерлермен 379 балаға 72 200 000 теӊге қаржысы ішінара төленсе, 68 800 000 теӊгеге дейін алименттен қарыз азайды.

Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтырып жүрген 27 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оныӊ 5-і қамаққа алынса, ҚР ҚК-ніӊ 139-бабында көзделген қылмыс белгісі бойынша 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, борышкер Ж.Тоқтамысов 3 жылдан бері 2 баласына тиесілі алиментті төлемей, заӊмен белгіленген міндетін орындамай келген, сәйкесінше 1 060 000 теӊге алименттен берешегі қалыптасқан.

Соныӊ негізінде, мемлекеттік сот орындаушысымен Ж.Тоқтамысовқа қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 669 бабымен хаттама толтырылып, нәтижесінде әкімшілік соттыӊ 10.03.2017 жылғы қаулысымен борышкер әкімшілік қамаққа алынды.

Жалпы бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар өз жалғасын табуда,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны