31.05.2017, 16:26 7413

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, сатып жіберген әккі ұры ұсталды

Қазіргі таӊда аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ сәуір айыныӊ 09 күні таӊертеӊгілік сағат 09.30 шамасында белгісіз біреу ұрлық, яғни бөтенніӊ мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру мақсатында Шиелі кентіндегі базарлардыӊ бірінде орналасқан "Ақжан" әшекей бұйымдарын сататын дүкеніне кіріп, осы дүкеннен әр түрлі үлгідегі алтын алқаларын жасырын жымқырып ұрлап кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Нәтижесінде, дүкен егесіне жалпы құны 3 455 000 теӊге мүліктік шығын келтірілген. Полиция қызметкерлерініӊ жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты жасады деген күдікпен Ақжарма ауылыныӊ 1982 жылы туылған тұрғыны ұсталып, Шиелі АІІб-ніӊ Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті барлық алтын бұйымдарды сатып жіберіп, түскен ақшаға автокөлік сатып алғандығы анықталды.

Қазіргі таӊда аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған азаматтыӊ басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны