15.10.2018, 17:49 6218

Қызылордада Аманкелді Кененбаевтыӊ "Сырдария" атты шығармашылық көрмесі өтті

Қалалық көркемсурет галереясында қылқалам шебері Аманкелді Кененбаевтыӊ "Сырдария" атты шығармашылық көрмесі және кітабыныӊ тұсаукесері өтті.

Қызылорда. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қалалық көркемсурет галереясында қылқалам шебері Аманкелді Кененбаевтыӊ "Сырдария" атты шығармашылық көрмесі және кітабыныӊ тұсаукесері өтті.

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағыныӊ мүшесі, Сыр өӊіріне арналған бірқатар картиналардыӊ және Мұстафа Шоқай, Ибділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерініӊ авторы Аманкелді Кененбаевтыӊ "Сырдария" атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

"Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдыӊ қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтыӊ тұӊғыш ұлттық драма театрыныӊ сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерініӊ дамуына үлес қосты. Аманкелді Кененбаев - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшініӊ 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардыӊ назарын аударғанын білеміз. Францияныӊ Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдыӊ мүсіні де Аманкелдініӊ қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдыӊ еӊселі ескерткіші мен ақын Ибділдә Тәжібаевтыӊ тас мүсінініӊ авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздіӊ рухани астанасы - Алматыныӊ төрінде "Сұлутөбе" атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшініӊ "Сырдария" атты көрмесі назарларыӊызға ұсынылып отыр",-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтады.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтыӊ туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Будапешт, Израиль, Норвегия, Германия т.б мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

Біз ХХІ ғасырдыӊ жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын іске асыруға тиіспіз.

Илем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Бұл жоба нені көздейді?

Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ныӊ алты тілі - ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.

Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудыӊ мүлдем жаӊа тәсілдерін ойластыру керек.

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны