11.05.2017, 15:56 4545

Қызылордада арнайы - тактикалық жаттығу өтті

Арнайы тактикалық оқу - жаттығуға 76 адам мен 24 техника жұмылдырылды.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Тасбөгет кентіндегі бас су жинау стансасында арнайы тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудыӊ сценарийі бойынша стратегиялық объектіде баллон ашылып, сұйық хлор төгіледі. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Авариялық құтқару жұмыстарыныӊ қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы қызметкерлерінен құрылған жедел жасағы, ІІД жедел тобы, қаланыӊ медициналық және авариялық қызметі жедел дайындыққа келтірілді.

Арнайы тактикалық жаттығудыӊ негізгі мақсаты - авариялық құтқару құрамаларыныӊ және нысан қызметкерлерініӊ кәсіби дайындық деӊгейін арттыру, хлордыӊ төгілуінен болатын апаттар орын алған кезде олардыӊ іс- қимылыныӊ жеделдігін және тиімділігін қамтамасыз ету.

Оқу - жаттығу барысында авария жағдайын ауыздықтау және жою бойынша арнайы бөлімшелердіӊ және өндірістік жұмысшылардыӊ іс - қимыл тәртібі пысықталды. Кәсіпорын диспетчері авария туралы хабарламаны алғаннан кейін, тез арада нысан аумағында химиялық дабыл көтерді. Одан кейін авариялық - құтқару құрамаларын құлақтандырды.

Авариялық құтқару құрамалары оқиға орнына келген бойда эвакуациялау шараларын жасап, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге және қорғаныш пердесініӊ көмегімен хлорды бейтараптандыруға кіріседі.

Арнайы тактикалық оқу - жаттығуға 76 адам мен 24 техника жұмылдырылды.

Оқу - жаттығу қорытындысында ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасыныӊ аға офицері, подполковник Б.Абдықадыров оқу - жаттығуға қатыстырылған ведомстволардыӊ, аварияныӊ алдын алуға жұмылдырылған күштер мен құралдардыӊ іс - қимылы мен дайындығына оӊ баға берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны