04.10.2018, 18:50 5929

Қызылордада "Ата-ана, мен және робот" атты облыстық отбасылық-танымдық чемпионат өтті

Шараныӊ мақсаты - балалардыӊ робототехникаға, инновация мен жоғарғы технология саласына қызығушылығын ояту. Сол арқылы білімніӊ салтанат құруына жол ашып, балаларды прагматик болуға тәрбиелеу.

Қызылорда. 4 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы Ибділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бүгін 4 қазанда "Ата-ана, мен және робот" атты Қызылорда облыстық отбасылық-танымдық чемпионат өтті.

Оны "Казроботикс" білім беру және спорттық робототехникасыныӊ Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, "Smart Generation" робототехника мектебі, облыстық "Рухани жаӊғыру" орталығы мен облыстық білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Шараныӊ мақсаты - балалардыӊ робототехникаға, инновация мен жоғарғы технология саласына қызығушылығын ояту. Сол арқылы білімніӊ салтанат құруына жол ашып, балаларды прагматик болуға тәрбиелеу. Оларға заманауи технология мүмкіндіктерін таныстыра отырып, онымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Балалардыӊ робототехника саласына деген ынтасы мен қызығушылықтарын анықтап, соған сай бағыт-бағдар беру.

Аталған шараға "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығынан, қала және аудандық білім беру бөлімдерінен (жеке білім беру бөлімдерін қоса) бір-бір команда қатысты. Олардыӊ құрамында бастауыш сынып оқушыларынан өзге ата-аналар да болды. Сонымен қатар, шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен олардыӊ қамқоршылары да тартылды. Аймақтыӊ 7 ауданы мен шалғай ауылдардан да командалар қатыст.

Олар үш кезеӊнен тұратын "Робосумо" сайысы бойынша сынға түсті. Жеӊімпаздар "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ арнайы дипломдарымен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш сайыс ата-аналар мен бастауыш сынып оқушылары арасында тұӊғыш рет ұйымдастырылуда.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

Біз бүгінгі жаӊа атаулы ертеӊ-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеӊіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Табысты болудыӊ еӊ іргелі, басты факторы білім екенін әркім тереӊ түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны